Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин ережелерін бұзған кезекті шымкенттік кафе анықталды

Карантин ережелерін бұзған кезекті шымкенттік кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

2021 жылдың 19 тамызында түнгі уақытта сағат 22:30-дан кейін Еңбекші ауданы Төрекулов көшесі бойында орналасқан кафелердің бірінде карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру