Павлодарда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жауапқа тартылмақ
Павлодарда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар тұрғыны Ак.Бектұров көшесінің қиылысында жасыл түсті Toyota бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп, апатты жағдай туғызғанын хабарлап, шара қолдануларын сұраған.
Жедел түрде полицейлер аталған көліктің жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Құқық бұзушы өзінің қателігін маңызды кездесуге кешігіп бара жатып жасағанын айтып, ақталуға тырысты. Бірақ полицейлер жол ережесін сақтауға ешқандай жағдай кедергі келтірмеуі керектігін еске салды.
Жүргізушілердің әрекеттеріне тағы бір шағым сол күні сағат 15.45-те келіп түсті. Қоңырау шалған бойжеткен Торайғыров көшесіндегі аялдамада көлік тұраққа қойылғанын айтты.
– Жүргізуші біреуді күтіп отырғаны көрініп тұр, бірақ оны автобус аялдамасында күтуге болмайды, осыған байланысты автобустар алысқа тоқтайды және жолаушылар алысқа баруға мәжбүр, – деді қала тұрғыны.
Полиция осы жерге келіп, жүргізуші әйелмен әңгіме жүргізді. Ол өзінің құрбысын күтіп тұрғанын айтты. Көлік құралын тоқтату ережелерін анық бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабы бойынша хаттама толтырылды.