Павлодарда бір тәулікте 3 мас жүргізуші ұсталды
Павлодарда бір тәулікте үш мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсанда Павлодар полицейлері 106 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, олардың тек біреуі ғана қоғамдық қауіпсіздікке қатысты, ал қалғандары – жол қозғалысы ережелерін бұзу.
Қаланы патрульдеу кезінде сағат 21.25 шамасында Н.Назарбаев даңғылы – Ак. Шөкин көшесінің қиылысында полиция тексеру үшін Audi-80 көлігін тоқтатты. Себебі қозғалып келе жатқан көліктің жылдамдығы қажетті жылдамдыққа қарағанда баяу болды.Жүргізуші көліктен шыққаннан кейін тәртіп сақшылары оның мас екенін бірден түсінді. Жігіт жан-жаққа теңселіп, түсініксіз сөйлегендіктен, медициналық тексеруге жіберілді. Тексеру оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас болуын растады. Енді жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Осыған ұқсас бұзушылық сағат 06.10-да М.Жүсіп көшесінде де анықталды. 32 жастағы Toyota жүргізушісі де өзінің ерекше жүргізу әдісі полицейлердің күдігін тудырды. Тоқтағаннан кейін ол өзінің досының туған күнін тойлап келе жатқанын, онда алкогольдік ішімдік ішкен бірден мойындады.
Медициналық куәландыру орташа дәрежедегі алкогольдік масаюды көрсетті. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді, ал жүргізушінің өзі ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шариповтың ақпараты бойынша, қалада бір тәулік ішінде мас күйінде көлік жүргізген үш жүргізуші анықталды, 16 автомобильші жаяу жүргіншілерді жолдан өткізбеді, 28-і қауіпсіздік белдіктерін тақпады, екеуі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп кетті, 15-і маневр жасау ережелерін бұзды.