Павлодарда бойжеткен танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Павлодарда бойжеткен танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полициясына қала тұрғыны жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол интернет арқылы танысқан қызын бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырғанын. Алайда қонаққа келген ару жәбірленушінің Samsung телефонын қолды қылып кеткен.
– Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал телефонды ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Полицейлер атап өткендей, телефон ұрлығының 59%-ы – сенімге әбден кірген жәбірленушілердің таныстары жасайды екен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері сақ болуға шақырады.