Павлодарда бұрын көлік басқару құқығынан айрылған жүргізуші ұсталды
Полицияның қыралығының арқасында Павлодарда бұрын көлік басқару құқығынан айрылған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда кезекті патрульдеу барысында Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында Мир көшесінде Audi-А4 автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның 2021 жылғы ақпанда көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Жүргізушінің өзі тәртіп сақшыларына бұл туралы мойындады. Бұған дейін ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған және көлікті басқару құқығынан айырылған.
Жүргізуші ҚР ӘҚБК 612-бабының 3-бөлігін (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бұзғаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен ер адамға 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.