Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 6 пәтер ұрлығын жасаған екі күдікті құрықталды

Түркістан облысында алты пәтер ұрлығын жасап, тұрғындарға миллион теңгеден астам шығын келтірген күдікті екеу құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінен арыз түскен. Онда жәбірленуші азамат өзінің үйіне белгісіз біреу кіріп, компьютерін және ұялы телефонымен қоса ақшасын тонап кеткендігін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Оқиға орнына бірден полицияның жедел-тергеу тобы барып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Жақын аймақтарды және күдіктінің басқа баруы мүмкін жерлерді қарап шықты. Тәртіп сақшыларының тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті екі ер азамат ұсталды. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер құрықталған күдіктілерді бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда күдікті ер азаматтар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бұдан басқа тағы бес пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Онда тұрғындардың түрлі техникалық бұйымдары мен көзге түскен құнды заттарының барлығын жымқырған. Осылайша, оларға келтірілген жалпы шығын көлемі – млн теңгеге жуық.

Бүгінгі күні полиция қызметкерлерінің қырағылықтарының арқасында ұрланған заттар тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру