Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған екі шетелдік анықталды

Павлодарда еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған екі шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар қаласының қайырымдылық мекемелерінің бірінде осы мекемеде әртүрлі жұмысшы ретінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Өзбекстанның екі азаматын анықтады, осылайша ҚР ӘҚБК 517-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалды.

– Материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотқа қарау үшін жіберілді. Сотпен аталған тұлғаларға 72 925 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айта кету керек, жұмыс беруші ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың келуі туралы хабарламаған. Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді заңсыз тарту фактісі бойынша жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБК 519-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот 145 850 теңге көлемінде айыппұл салды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Аталған факті Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің полиция қызметкерлерімен “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберіндегі рейдтер барысында анықталды.

Полицейлер азаматтарға заңнаманы мүлтіксіз сақтау туралы еске салады “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру