Павлодарда ер адам көлігін ТЖО-да «жоғалтып» алды
Павлодарда ер адам көлігін ТЖО-да «жоғалтып» алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам өз көлігінен қосалқы бөлшектерді ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді.
– Анықталғандай, облыс орталығының тұрғыны Audi-6 маркалы көлігін қалалық ТЖО-ның біріне жөндеуге тапсырған. ТЖО-ға келгенде, ол өз көлігін таппады. Белгілі болғандай, жұмыскер басқа ТЖО-ны жалға алған, бұл ретте алдын ала иесіне ескертпей, көлікті сол ТЖО-дан айдап алып кеткен, – деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Асхат Байсекенов.
Бұл жерде көліктің «оқиғасы» аяқталған жоқ. Жаңа мекенжайға келген иесі өзінің көлігін алып кете алмады, себебі аккумуляторы болмаған. Ер адам оның мүлкі қайда кеткенін білу үшін ТЖО қызметкеріне қоңырау шалды. Қызметкер қоңырауға жауап бермегендіктен, ер адам полицияға жүгінуге асықты.
Тексеру барысында қызметкердің қауіпсіздік мақсатында көліктен аккумуляторды шешіп, гаражда қалдырғаны анықталды.