Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының банк картасынан ақша аударып, ойынға жұмсаған түркістандық ұсталды

Полицейлер тұрғынның банк картасынан ақша аударып алған түркістандықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші жігіттің айтуынша, оның банк картасын белгісіз адам 180 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз аударып алған. Содан өзіне тиесілі қаражатты нақты кім алғанын анықтап беру үшін полицейлерге шағымданып, көмектесуін сұрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-ға тіркеп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тексеруді бастады.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Қажетті шараларды іске асырды. Жәбірленушінің жауабы арқылы күмәнді таныстары тексерілді. Соның нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің банк картасынан ақша жымқырған жатақханада өзімен бірге тұратын танысы екенін анықтады. Белгілі болғандай, бөлмелес досы оның ақшасын, ұялы телефондағы банктік қосымша арқылы өзіне аударып алған. Оған қоса ақшаны құмар ойын ойнауға жұмсағаны айқындалды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Өзгенің ақшасын заңсыз иемденіп алған күдікті жас жігіттің бас шарасы “қолхатта”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру