Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды
Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Н. Назарбаев даңғылында полиция қызметкерлері Lexus ES-350 көлігін тоқтатты.
– Жүргізушінің көлік жүргізу тәсілі тәртіп сақшыларына күдік туғызды. Әңгімелесу кезінде жүргізуші өзін дұрыс ұстамады, сұрақтарға нақты жауап бермеді. Полицияның күдігі медициналық куәландыру нәтижелерін растады, жүргізуші есірткіге мас болған. Сондай-ақ жүргізуші 2023 жылдың қазан айында жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, бірақ бұл оған сабақ болған жоқ. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.
Жыл басынан бері мас күйінде көлік құралдарын жүргізген 1175 жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн. Полиция қызметкерлері жолда сақ болуға, ережені қатаң сақтауға шақырады.