Павлодарда есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды
Павлодарда есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіні Малайсары көшесінің бойынан анықтады.
– Үлкен айналма жол бағытында қозғалатын Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі фаралардың жақын жарығын қоспаған. Тәртіп сақшылары бұл көлікті тоқтатып, жүргізушімен сөйлескен кезде оның мінез-құлқы оларға өте оғаш болып көрінген. Сонымен қатар қарым-қатынас кезінде ол түсініксіз сөйлеген. Осыған байланысты полиция ер адамды медициналық куәландыруға апаруға шешім қабылдаған, бұл оның есірткіге мас болғанын анықтады. 31 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, өйткені бұған дейін ол басқару құқығынан айырылған, бірақ соған қарамастан ол қайтадан көлік басқарған. Осы баптың санкциясы жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алуға алып келіп соғады, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Полицияның хабарлауынша, осы жылдың басынан бері өңірдің 54 тұрғыны алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқарған. Сонымен қатар осы бапты бұзғаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ тоғыз жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.