Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құрал-саймандарды ұрлаған тұрғын ұсталды

Шымкентте Crown құрал-саймандарын ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 9 қаңтар күні сағат 14:50-да орын алған. Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 23 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз шағымында, Шымкент қаласында орналасқан өзінің жеке үйінің есігін белгісіз тұлғалар заңсыз бұзып кіріп, ішінде болған құны 20 мың теңге мен 200 мың теңгенің арасындағы түрлі құрылыс құрал-саймандарымен қондырғыларды қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі – 360 мың теңге.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің “ізін суытпай”, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол 24 жастағы жұмыссыз Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру