Павлодарда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Павлодарда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қаңтарда түнгі сағат 01.50-де Павлодар қаласының Лермонтов-Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Toyota Camry 75 автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі құқық қорғау сақшыларының күдігін тудырды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 28 жастағы жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.
– Павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот ер адамды көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері 27 мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бұрын көлікті жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын жүргізудің бес фактісін анықтады.