Павлодарда интимдік қызмет көрсеткен 5 қыз анықталды
Павлодарда «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен 5 қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қарашада ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен 20-30 жас аралығындағы бес қыз ұсталды. Олар Қамзин көшесінде орналасқан Павлодар қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған. Олар осындай қадамға бару себептерін алдын ала дайындаған, бәрінің айтқан «аңыздары» бірдей десе болады.
Қыздарға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
– Қыздар өздерінің қызметін жалғастыра ма, жоқ па немесе осы оқиға оларға бір нәрсені үйрете ме, бұл олардың өздеріне байланысты, – деп атап өтті полиция.
Айта кетейік, 22 қарашада басталған «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.