Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері кезекті пәтер ұрысын ұстады

Түркістан полицейлері кезекті пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйінің терезесін сындырып, құрылысқа керекті құрал-саймандарын жымқырып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 188- бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 130 мың теңге. Хабар алысымен тәжірибелі төлебилік тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап шықты. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, тұрғылықты үйінен ұстады. Ол жәбірленушінің қол астында істейтін жұмысшысы болып шықты. Полицейлер күдікті ер азаматты ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті ер адам жәбірленушінің үйінде жоқ екеніне әбден көз жеткізіп, құрал-саймандардың, яғни газ жылытқыш (пушка), болгарка мен электорлы бұрағышын (шруповерт) жымқырған. Содан күдікті жымқырған құрал саймандарды базарлардың біріне 50 мың теңгеге сатып жіберген. Полицейлер қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын, ал, көліктеріңізге дабылқаққыш орнатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру