Павлодарда ішімдікке салынған әйел 6 айлық баласын қараусыз тастап кетті
Павлодарда ішімдікке салынған әйел 6 айлық баласын қараусыз тастап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қазан сағат 01.00-де ер адам полицияға қоңырау шалып, 23 қазанда сағат 01.00-ге жуық Павлодарда үйінен оның 37 жастағы әйелі кетіп қалғанын хабарлады. Әйел өзінің 6 айлық қызын бөлмедегі көршісіне қалдырып кеткен. Күйеуінің айтуынша, жұбайы телефонды көтермеген. Осыдан кейін ол полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.
Жедел уәкілдер із-түзсіз жоғалған әйелді анықтау үшін дереу-іздестіру шараларына кірісті.
29 қазан жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әйел 2-ші Павлодар ауданында табылды.
Әйел баладан, отбасылық қиындықтардан шаршағанын айтты. Осылайша, баласын ойламай, «ерлер мен алкогольді» іздеуді шешті. Полиция әйелдің отбасылық жанжалдарға байланысты әйелдер орталықтарының бірінде болғанын анықтады. Некеден бір баласы бар.
Тәртіп сақшылары жас баланың ауруханаға тексеру үшін жеткізілгенін, кейін сәбилер үйіне жіберілетінін түсіндірді. Бірақ әйелге қатысты ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды – кәмелетке толмаған баланы тиісінше тәрбиелемегені үшін материал сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, ата-аналардың мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады, онда оларды ата-ана құқықтарынан шектеу мәселе сі қаралады.
Жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер жақындарына хабарламай, үйден кеткен 73 азаматтың тұрған жерін анықтады.