Павлодарда кальян шеккені үшін дәмхананың әкімшісі мен қонағы жазаланды
Павлодарда кальян шеккені үшін дәмхананың әкімшісі мен қонағы жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер заңсыз әрекеттерді анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
– Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Академик Сәтпаев көшесіндегі дәмханада 32 жастағы келушінің кальян шеккенін анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ осы мекеменің әкімшісі ҚР ӘҚБтК 441-бабының 3-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан.