Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мен ардагерлері полицияның сервистік моделіне көшу мәселелерін талқылады

Ақмола полицейлері мен ардагерлері полицияның сервистік моделіне көшу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурызда облыстық полиция ведомствосының мәжіліс залында ішкі істер органдарының басшылары мен ардагерлерінің кездесуі өтті. Ақсақалдармен Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Ризахмет Жанбеков жүздесті.

Іс-шараны аша отырып, басшы құқық қорғау органдары жүйесіндегі ардагерлер іздестіру ісінің дәстүрлерін сақтаушы, полицейлердің жас буынына тәлімгер болып табылатынын атап өтті. Жасы ұлғайғанына қарамастан, ақсақалдар департамент қызметінің барлық аспектілеріне қатысады қызмет атқарып жүрген қызметкерлермен теориялық қана емес, практикалық да білімдерімен бөлісіп, ішкі істер органдарындағы уақыт сабақтастығы мен байланысына жәрдемдеседі.

Алайда ақмолалық полиция ардагерлері дәстүрді сақтап қана қоймай, бүгінде құқық қорғау құрылымына енгізіліп жатқан барлық жаңалықтарды белсенді түрде қолдайды.
Кездесудің күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған жоспарлар мен міндеттерді талқылау, “Жаңа Қазақстан” бағдарламасын іске асыру және сервистік полиция моделіне көшу. Ризахмет Жаркенұлы атап өткендей, бұл жаңалықтардың басты мақсаты – қылмысқа қарсы одан да тиімді күрес жүргізу және халықтың полиция жұмысына деген сенімін арттыру үшін барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс қимылы.

Ақмола облысының аумағында “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы мен “полицияның сервистік моделін” іске асыру шеңберінде полиция қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаты қамтамасыз етіледі, азаматтарды қабылдау тәртібі қайта қаралды, халықпен кері байланыс орнатылды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге ақмолалықтардың өздері де белсенді қатысады. Департаменттің қоғамдық құрылымдарында 500-ден астам адам бар, олардың арасында мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер, ПИК қызметкерлері және жай ғана немқұрайлы емес азаматтар бар.
Ішкі істер органдарының ардагерлері де тыс қалмауда:өңірдегі саны 200-ге жуық әрбір полиция учаскелік пунктіне тәлімгер бекітілген. Полиция пункттерде ақсақалдар учаскелік инспекторларға көмек көрсетеді, халықпен және есептегі тұлғалармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді.
Іс-шара аясында полицияны реформалау, жаңа жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне бағдарлану туралы өз пікірлерімен ақсақалдардың өздері де бөлісті.

Кездесу соңында Ризахмет Жанбеков полиция жұмысында азаматтардың мүдделері, халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, ведомство жұмысының ашықтығы мен айқындығы басымдыққа ие болатынын атап өтті. Осы шаралардың барлығы қылмысқа қарсы күрес ісінде оң нәтижелерге қол жеткізуге және Ақмола өңірін республикадағы ең қауіпсіз өңірлердің біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру