Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда карантинде жұмыс жасаған кафе анықталды

Павлодар қаласының полицейлері мониторингтік топтардың құрамында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Солтүстік бөлімінің полиция қызметкерлері түнгі уақытта сағат 00.00-де Павлодардағы қонақ үйлердің бірінде кафе жұмыс істегенін анықтады.

Сонымен, кафе карантин режимін бұза отырып, тексеру кезінде мекемеде болған келушілерге қызмет көрсетті. Сонымен қатар, келушілер заңмен тыйым салынған қорқорды (кальян) пайдаланды.

– Аталған бұзушылықтар үшін сегіз «қонаққа» қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, ал қоғамдық орында кальян шегуге жол беру фактісі бойынша басқарушы мекемеге қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, аталған мекеме бойынша материалдар ҚР ӘҚБК 425 – бабы тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басқармасына жіберілді, – деді Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Козкин.


Полиция қала барларының бірін тексеру кезінде 2004 және 2003 жылдары туған екі кәмелетке толмаған бала болғанын айта кетті.
Аталған факті бойынша мекеме басшылығына қатысты ҚР ӘҚБК 132-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде кеш уақытта болуына жол бергені үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болғаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру