Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметкері сотталғанның жұмысқа тұруына көмектесті

Ақтөбеде пробация қызметкері жұмыссыз сотталғанның жұмысқа тұруына қолдау көрсетіп, есепшотын блоктан шығарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Әйтеке би аудандық пробация қызметі есепте тұрған: бас бостандығын шектеу жазасына сотталған К.-ны жұмысқа тұрғызу мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығына жолдады.

Аталған сотталғанды жұмысқа орналастыру кезінде оның жалақы алатын картасының есепшотының сот орындаушымен құлыпталғаны анықталды. Осы кезде Әйтеке би аудандық пробация қызметкері аудандағы сот орындаушысы арқылы есепшотқа блок қойған сот орындаушыны анықтап, құлыпталған есепшотты аштыру үшін аудандық жұмыспен қамту бөлімінен сотталған К.-ның “жұмыссыз” ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтаманы алып береді. Сонымен қатар, жұмыссыз сотталған азаматтың қалада тұратын сот орындаушыға барып, жоғарыда аталған мәселені реттеуі үшін Әйтеке би аудандық пробация қызметкері оның жолақысына көмек береді.

Қазіргі уақытта Пробация қызметкері көрсеткен қолдаудың арқасында, сотталған К.- ның кілттелген есепшоты ашылды.

– Сотталған азаматқа аталған қолдау Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидасының 14-тармағына сәйкес жүзеге асырылды.
Жалпы, Пробация қызметімен атқарылып жатқан мұндай көмек түрлері есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы, яғни қоғамға бейімделуі үшін жасалуда, – дейді Әйтеке би аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Толғанай Көлжанова.

Айта кетейік, Әйтеке би аудандық пробация қызметі алдағы уақытта сотталған К.-ны “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлік негізінде оқу курсына жолдама беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру