Павлодарда көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды
Павлодарда көліктен ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының бір күнінде павлодарлық полицияға оның көлігінің салонынан ұрлық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді, болған оқиғаның ықтимал куәгерлерінен сұхбат алды, сондай-ақ бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарады. Тәртіп сақшыларының келісілген әрекеттерінің арқасында ұрлық жасады деген күдікті табылып, ұсталды. Ол облыс орталығының жұмыс істемейтін 30 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ер адам қала көшелерінің бірінде аулада тұрған отандық автокөлікті көріп, көлік құралының алдыңғы есігінің әйнегі арқылы жолаушылар орындығында қалған ішінде ақша бар әмиянды және банк карталарын алып кеткені анықталды.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Павлодар облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына автокөліктің салонында, тіпті бірнеше минутқа, атап айтқанда орындықтарда жеке заттарын – сөмкелер, ноутбуктер, ұялы телефондар және басқа да құнды заттар мен құжаттарды қалдырмауды ескертеді.