Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті өсірген тұрғынды ұстады

Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті өсірген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, Қармақшы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданында бірлескен іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 8 шілде күні өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды.

Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 33 келі 747 грамм сора өсімдігіне жататындығын бекіткен. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру