Павлодарда мас әйел бөтен пәтерлердің есігін қағып, тұрғындарды мазалаған
Павлодарда мас әйел бөтен пәтерлердің есігін қағып, тұрғындарды мазалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпанда сағат 22:25 шамасында Айманов көшесінің тұрғыны полицияға қоңырау шалды. Қоңырау шалушы мас болған белгісіз әйелдің барлық пәтерлердің есігін қағып, айқайлағанын айтты.
– Мен қорқып кеттім, оған көмек керек деп ойладым, есікті ашқанда ол түсініксіз сөздер айтты, – деді қала тұрғыны.
Басқа көршілер де бейтаныс адамның мінез-құлқына наразы болды.
Үйге келген полиция подъездің жанында отырған әйелді байқады, оның қолында алкоголь бөтелкесі болды.
Медициналық куәландыру оның “орташа дәрежелі” алкогольдік мас күйде екендігін көрсетті. Сондықтан ол Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін павлодарлыққа қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
– Осы жылы Павлодар облысының аумағында 924 тәртіп бұзушы ұсталды, олар қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.