Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас жүргізушілер анықталды

Павлодарда мас жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері мас күйінде рөлде отырған 1200-ге жуық жүргізушіні анықтады.

– Тойдан кейін өз көлігінің рөліне отырған жүргізуші 18 қыркүйекте сағат 23:30-да Майра көшесі, 19 үйдің ауласында тоқтатылды. Алыстан сезілетін алкогольдің иісін ер адам жасыра алмады. Медициналық куәландыру бұл фактіні растады. Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде азаматтың көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Оған қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, материал сотқа жолданды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас оқиға келесі күні 19 қыркүйекте болды. Сағат 04:15-те қаланы патрульдеу кезінде «Шаңырақ» МДО жанында полиция қызметкерлері Mazda автокөлігін тоқтатқан жүргізушімен сөйлескен кезде оның мас күйінде екені, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығы болмағаны белгілі болды. Алайда ер адам оның мас емес екенін, қиын жұмыс күнінен кейін шаршағанын айтқан.

Медициналық куәландыру жүргізілді, ол орташа масаң күйде болған. Жас жігіт ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру