Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал жаюды бұзғаны үшін 641 құқықбұзушы жауапқа тартылды

Павлодар облысында жыл басынан бері мал жаюды бұзғаны үшін 641 құқықбұзушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында павлодарлық полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Өңірдің елді мекендерінде малды еркін жаю жалғасуда. Олардың иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және жолдарда автокөлік үшін елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді. Жыл басынан бері айыппұл тұрағына 9 047 бас қойылды.

Жыл басынан бері мал жаюды бұзғаны үшін 641 құқықбұзушы жауапқа тартылды.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұйымдастырылған табында болуы керек, бірақ кейбір мал иелері күн сайын таңертең қамалдарын ашып, малды бірнеше сағаттан кейін қайда болатындығы туралы ойламай-ақ көшеге шығарады. Көп жағдайда, егер мал үйге уақытында оралмаса, иелері өз бетінше кеткен малдарды іздеуге тырысады, егер іздеу нәтиже бермесе, олар полициядан алаңдаушылық білдіріп, көмек сұрайды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың басынан бері өңірде мал ұрлығының 47 фактісі тіркелді. Мал ұрлығының негізгі себебі – ұйымдастырылмаған мал жаю, сондай-ақ халықтың өз мүлкіне дұрыс қарамаусыздығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру