Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда мас жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

– Соңғы тәулікте біз 106 құқық бұзушылықты анықтадық. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 98 хаттама, ал қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін 8 хаттама толтырылды. Мәселен, қаланың 7 тұрғыны алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық орында мас болған. Тағы бір павлодарлық көшеде қайыр сұрады, – деді батальон командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.

Патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары мас күйінде болған екі көлікті ұстады. Олардың бірі Қамзин көшесінде сағат 23.40 шамасында тоқтатылды. 36 жастағы Toyota жүргізушісі мас күйінде автокөлікті басқарған. Тәртіп бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қамалды, ал жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осыған ұқсас факті Ак. Марғұлан көшесінде сағат 01.30-да тіркелді. ВАЗ 21060 маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі де мас күйінде көлік жүргізген. Оның көлігі айыппұл тұрағына қамалды, ал жүргізуші ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері тек Павлодар қаласы бойынша мас күйінде 333 жүргізуші автокөлік басқарған. Барлық тәртіп бұзушылар жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру