Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “әкімдік қызметкері” ауыл тұрғынына жарты млн теңгеден астам несие рәсімдеген

ШҚО-да “әкімдік қызметкері” ауыл тұрғынына жарты млн теңгеден астам несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында түскі ас кезінде Бесқарағай АПБ-не 29 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың 29 сәуірінде 30-40 жас шамасындағы белгісіз әйел үйдің құжаттарын ресімдеймін деген сылтауымен алдап, үй иесі мен құжаттарын суретке түсіріп алғанын хабарлады. Кейін оның атына 597 мың теңге сомасында несие рәсімдегені мәлім болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтаған. Күдіктінің бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру