Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоймадан зат ұрлаған ұры ұсталды

Қызылордада қоймадан зат ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің 102 жедел арнасына 38 жастағы қала орталығының тұрғыны ұрлық туралы арыз берді.
Ол тәртіп сақшыларына 3 тамыз күні кешкілік уақытта белгісіз біреу оның жеке үйінің аумағында орналасқан қойманың ішіне кіріп, құрал-саймандарын ұрлап кеткендігін айтқан. Келтірілген шығын 163 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 31 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол тергеу іс-әрекеттері барысында ұрланған мүлікті иесіне  қайтарып беріп, кінәсын толықтай мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру  амалдары  жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру