Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда патрульдік полицейлер алимент төлемей жүрген әйелді ұстады

Павлодарда патрульдік полицейлер алимент төлемей жүрген әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 125 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 121.

Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріповтің айтуынша, бір тәулік ішінде көлікті мас күйінде жүргізген 3 жүргізуші ұсталды.

Сағат 01:00-де Сұрағанов көшесінде кезекті патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері алимент өндіру туралы істер бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 47 жастағы әйелді ұстады. Азаматшаның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ екені белгілі болды, ол полиция бөліміне жеткізілді.

Жол қозғалысының кезекті бұзушысын полиция қызметкерлері сағат 11:45-те Қамзин көшесінде ұстаған. Mazda-626 автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі өзін біртүрлі ұстап, біресе күліп, біресе ашуланған. Полицейлер ер адамды медициналық куәландыруға жіберген, оның нәтижесі бойынша жүргізуші есірткі пайдаланғаны анықталды.

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, ал тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру