Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер балалар үйінің ауласын қардан тазалады

Павлодар полицейлері балалар үйінің ауласын қардан тазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалың қар басқан Павлодар өңірінде облыстық полиция қызметкерлері мамандандырылған балалар үйінің ауласын қардан тазалап, игі іс жасады.

– Адамдарға көмектесу – біздің қызметіміздің басты бөлігі. Таңертеңнен түскі уақытқа дейін күректермен қаруланған жауынгерлеріміз тығыздалған қар қабатын тазартты. Балалардың терезеден қарап, қол бұлғап тұрғанын көріп, ерекше әсер алдық, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкері Фарид Хуснатдинов.

Балалар үйінің басшысы Бағдат Кембаева тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

– Биылғы қыс ерекше қарлы болды. Біздің аумақ пен ойын алаңдарын қар басып, жүру қиынға соқты. Бүгін полицейлер жұмыстарының тығыздығына қарамастан, ауламызды қардан тазартуға уақыт тапты. Енді ауламыз тап-таза, ал балалар өте риза, – деп бөлісті ол.

Қамқорлық пен жылулықты қажет ететін кішкентай балалардың шынайы қуанышы полиция қызметкерлері үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Мұндай игі істер өңір полицейлерінің дәстүріне айналған. Олар қар құрсауынан шыға алмайтын және көмекке аса мұқтаж жандардың ауласын тазалауға жиі атсалысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру