Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер футбол турнирінде бақ сынады

Павлодар облысы полиция департаментінің "Динамо" спорт кешенінде өңірдің барлық аумақтық бөлімшелерінен 15 полиция командасының қатысуымен шағын футболдан жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен "Динамо" ДСБ-ның 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Салтанатты ашылу рәсімінде Павлодар облысы полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығының орынбасары Владимир Ходацкий қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

Жарыс барысында полицейлер жоғары спорттық шеберліктерін көрсетіп, үздік ойын үшін бар күштерін салды. Нәтижесінде:

- 1-орын: Полиция департаменті аппаратының командасы;
- 2-орын: Патрульдік полиция ротасының командасы;
- 3-орын: Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың (ЖҚАЖ) командасы.

Сонымен қатар турнирдің үздік ойыншылары арнайы номинациялармен марапатталды:

- "Үздік ойыншы": Байболат Қалиасқар;
- "Үздік шабуылдаушы": Даниял Кәкен;
- "Үздік қорғаушы": Дінмұхамед Сапабеков;
- "Үздік қақпашы": Әлібек Оразбек.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара командалық рухты нығайтып, ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлкен үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру