Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция балалар лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырды

"Полиция — балалардың қауіпсіздігінің кепілі" акциясы аясында Павлодар облысы Щербақты аудандық полиция бөлімінде жазғы лагерьде демалып жатқан оқушыларға арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстырып, полицияға деген сенімді арттыру.

Экскурсия барысында оқушылар полиция бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты маңызды мағлұматтар алды. Кезекші бөлімнің қызметі, жедел жағдайларда қолданылатын шаралар мен азаматтардың құқығын қорғау жолдары да кеңінен түсіндірілді.

– Жаз айларында балалар мектеп бақылауынан тыс болғандықтан, оларды қауіпсіздік жағынан ерекше назарда ұстау қажет. Біздің мақсатымыз – әрбір балаға заң талаптарын түсіндіріп, полиция қызметкерлерінің тек тәртіпті қадағалаушы емес, қиын сәтте көмекке келетін жанашыр жандар екенін көрсету, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Абдуғалиев.

Балалар экскурсияға қызығушылықпен қатысып, көптеген сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Мұндай шаралар жас буын мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, заңға құрмет пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру