Павлодарда пробация қызметкерлері есепте тұрғандар үшін мерекелік тіркеу күнін ұйымдастырды
Павлодарда пробация қызметкерлері есепте тұрғандар үшін мерекелік тіркеу күнін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы пробация қызметкерлері ұлттық киім киіп, есепте тұрғандарды ыстық шай мен тәттілермен қарсы алды.
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында тіркеуге келген сотталғандарды мерекелік жағдайда қабылдауды ұйымдастыруды жөн көрдік. Шара сотталғандардың бойында отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында пробация инспекторлары күштерімен ұйымдастырылды, – дейді Павлодар қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Мәншүк Сыздықова.
Тіркеуге келген есепте тұрған тұлғалар мерекеге таңғалып, ризашылықтарын білдірді.