Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаментінде үздік қызметкерлер мен құрметті ардагерлер марапатталды

Қызылорда облысының Полиция департаментінде үздік қызметкерлер мен құрметті ардагерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Салтанатты іс-шараның ашылу салтанатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре келген қонақтар мен қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен бірге ПД бастығы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау хатын оқыды.

Бүгінгі іс-шара барысында полицияның қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің, Ішкі істер министрінің және департамент бастығының құзырымен әртүрлі марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Тілешев мерекемен құттықтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мінсіз қызметтері үшін облыс әкімінің алғыс хатымен ішкі істер органдарының екі ардагерін және 11 қызметкерін марапаттады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің грамотасымен бір қызметкер, алғыс хатпен 3 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Асылан Рахимов мерекеге арналған құттықтау сөзін сөйлеп, 8 қызметкерді марапаттады.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен ЖКБ бастығы Әбілхан Маштаев, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Уразов марапатталды.

“Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төс белгісімен Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы Алтынбек Ахметов марапатталды.

Ішкі істер органдарындағы ұзақ және адал қызметі, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан зор үлестері, жас қызметкерлерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсенді қатысқандары үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай “Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері” төс белгісімен 4 ардагер, грамотамен 5 ардагер марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен барлығы 307 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру