Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үздік учаскелік полиция инспекторлары байқауында халықтық дауыс беру басталды

Үздік учаскелік полиция инспекторлары байқауында халықтық дауыс беру басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары – бұл құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі буыны.

Көбінесе учаскелік инспекторлар халықпен жеке байланыста болады.

Жекелеген ауылдарда учаскелік полиция қызметкері – құқық қорғау органдарының жалғыз өкілі. Мұнда ол ауыл тұрғындарының тыныштығын күзетіп, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды.

Өткен жылғы Жолдауда Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларын полицияның ұлттық сервистік моделінің негізгі тұлғасы ретінде белгіледі.

Осы тұрғыда қазір учаскелік полиция инспекторының жаңа бейнесін қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалуда.

Биыл 87 жаңа учаскелік полиция пункті салынды, 400-ден астам қызметтік автокөлік сатып алынды, ыңғайлы нысанды киім әзірленді.

Жыл қорытындысын шығара отырып, учаскелік полиция инспекторларының кәсіби және дене даярлығын тексеру, сондай-ақ халық пікірін есепке алу нәтижелері бойынша комиссия шешімімен таңдалған үздік учаскелік полиция инспекторларының слеті өткізіледі.

Келесі кезеңде (2021 жылғы 14-19 желтоқсан аралығында) үздік учаскелік полиция инспекторы атағы үшін онлайн-дауыс беру өткізіледі. Жүлдегерлер келесі үш номинация бойынша анықталады:

  • “Республикалық маңызы бар қаланың үздік учаскелік полиция инспекторы”;
  •  “Қалалық жердегі үздік учаскелік полиция инспекторы”;
  • “Ауылдық жердегі үздік учаскелік полиция инспекторы”.

Әрбір қазақстандық ІІМ ресми сайтында, Instagram, Facebook парақшаларында онлайн-дауыс бере алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру