Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерін қуантты

Балалар жылында Павлодар ҚАЖ қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерін қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

АП-162/1 мекемесінің қызметкерлері №31 балабақша тәрбиеленушілеріне құстарға арнап жемсау мен жемістер сыйлады.

Ел Президенті Жарлығымен биыл – Балалар жылы деп белгіленді. Соған орай бүлдіршіндерді қуанту мақсатында сотталғандар бірнеше жемсау жасап, оларды біркелкі ашық тустермен бояп дайындаған.

– Сәбилер сол мұқабаларға өз суретерін салу арқылы оларда да ұжымдық жұмысқа қатысады. Сондай-ақ, суық тию мезгілі өршіп тұрғандықтан әр балаға алма алдық. Мұндай кішкентай тосын сыйлар арқылы балалардың жүзіне күлкі сыйлау біздер үшін де үлкен қуаныш, – деп түйіндеді мекеме басшысының орынбасыры Берік Рахимов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру