Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қоғамдық орындарда тұрғындарға тиіскені үшін 27 адам жауапқа тартылды

Павлодарда жыл басынан бері қоғамдық орындарда тиіскені үшін 27 адам жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтарда Павлодардағы «Отау» сауда үйінің жанында 40 жастағы ер адам өтіп бара жатқан адамдардан ақша сұрап, мазалаған. Бұндай бассыздыққа шыдамаған қала тұрғыны полицияға хабарласқан. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ер адамға ескерту жасалды.

Осындай шағым Айманов көшесінің тұрғындарынан да келіп түскен. Бұл жердегі мазасыз қала тұрғыны ақша сұрамаған. Оған тек әңгіме айтып, сөйлесетін адам керек болған. Келген полиция қызметкерлері ер адаммен профилактикалық әңгіме өткізіп, мұндай мінез-құлықтың орынсыз екенін түсіндірді.

Жылдың басынан бері құқық қорғау органдарының сақшыларымен өңірдің 27 тұрғыны қоғамдық орындарда тиіскені үшін жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру