СҚО-да ұялы телефондардың ұрлығы үштен бірге төмендеді
СҚО-да ұялы телефондардың ұрлығы үштен бірге төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың қорытындылары туралы сөз қозғай келе, СҚО полицейлері соңғы бес жылда байқалып отырған қылмыс санының төмендеу үрдісін атап өтті. Қылмыстың ең таралған түрлеріне жататын ұрлық саны айтарлықтай азайған. Жалпы 9%-дан аса төмендеген.
Мәселен, ұялы телефондардың ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда үштен бірге, яғни 458-ден 306 фактіге төмендеді. Тәртіп сақшылары мұндай жақсы көрсеткішке қол жеткізу себебі бөтеннің мүлкін ұрлауды ескерту және жолын кесуге бағытталған жоспарлы іс-шаралар кешені екенін атап өтті. Іс-шараларға халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, бейнебақылау ауқымын ұлғайту және тағы басқа шаралар жатады. ЖСН-ді пайдаланушының телефонына байлау туралы заңнама да септігін тигізуде.
– Ұялы телефондар көп жағдайда көңіл көтеру орындарында немесе пәтерлерде қолды болып жатады. Қоғамдық орындардағы сақтық ережелері туралы да ұмытпаған жөн, қымбат гаджеттерді назардан тыс қалдырмай, шалбардың артқы қалтасында ұстамау керек. Қырағылықты жоғалту – қылмыстың жасалуына жол беруі мүмкін, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция бастығы Марат Жұмалиев.
Ұрлық орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Тәртіп сақшылары полицияға уақтылы жүгіну қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік беретіні туралы атап өтті.