Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сақтандыру келісім шарты болмаған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда сақтандыру келісім шарты болмаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің 157 ЖҚЕ бұзушылығын анықтады. Түрлі заң бұзушылықтар үшін айып тұрағына бес автобус қойылды.

– «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Павлодар қаласындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қайырбаев көшесі 74 мекенжайы бойынша Toyota Sprinter Marino маркалы көлік құралын тоқтатты, онда жүргізуші осы көлік құралын міндетті сақтандыру келісім шартын жасамай басқарған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 230-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту және қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру. Дәл осы мақсатта өңірде «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шара аясында құқықтық тәртіп қызметкерлері қалалық маршруттар бойынша тасымалдаушы компанияның жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын орындайтын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерді олардың азаматтарды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады, бұдан басқа қаладағы автобустардың техникалық жай-күйіне және жүргізушілердің балаларды тасымалдауға тартылатын жол жүрісі қағидаларын сақтауына ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру