Павлодарда түнгі уақытта тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды
Павлодарда түнгі уақытта тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы бойынша 102 полиция операторына Лермонтов көшесіндегі үйдің тұрғындары хабарласып, сағат 00:30-да аулада шу шығарған белгісіз адамдарға шағымданды. Бірнеше ер адам айқайлап, ысқырып, қатты дауыс шығарып күлген.
Аталған мекенжайға келіп жеткен полиция қызметкерлері көпқабатты үй тұрғындарының тыныштығы шынында бұзылғанын анықтады. Полицейлермен сөйлескен кезде тәртіп бұзушылар досының туған күнін атап өтуге жиналғандарын және ары қарай көңілді кешті таза ауада жалғастыруға шыққандарын айтты.
ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша тыныштықты бұзғаны үшін үшеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы түні сағат түнгі үш шамасында М. Горький көшесінің тұрғындарынан да тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Біздің үйдің жанында орналасқан гараждарда музыка қатты ойнайды. Бұл біздің демалуымызға кедергі, таңертең адамдардың бәрі жұмысқа және мектепке баруы керек қой, – деді операторға қоңырау шалған қыз.
Гараждағы көңілді кеш ұзаққа созылмады, тәртіп сақшылары ол жерге бірнеше минутта жетті. Бірінші жағдайдағыдай, көңілді топтағылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
– Павлодар облысының 1700-ге жуық тұрғыны басқалардың тыныштығын бұзды. Тыныштықты бұзу – көршілер арасындағы келіспеушіліктерді туындатады. Сондықтан әртүрлі қақтығыстардың қатысушысы болмай, заңнаманы қатаң сақтап, заңсыз әрекеттерге жол бермеңіз, -дейді тәртіп сақшылады.