Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында сотталғандар тасқа сурет салды

Павлодардың жалпы режимдегі колониясында сотталғандар тасқа сурет салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тастағы кескіндеме өнері біздің дәуірімізге дейінгі төрт мыңжылдықта Египетте пайда болды. Ол кезде зергерлік бұйымдар болған жоқ. Тастар сияқты материал кейіннен зергерлік бұйымдар, тұмарлар ретінде қолданыла бастады. Оларды ерекше ету, пішінін келтіру және әдемі ету үшін адамдар бейімделіп, тастарға ою мен сурет сала бастады. Мұндай өнер глиптика деп аталды. Сотталғандар өздерінің шығармашылық ойларын тастарға енгізді, жұмысты өте ерекше, креативті орындады. Тастардағы суреттер адамды шығармашылыққа итермелейді, сурет салудағы таланттарын ашады.

– Қазіргі қоғамда демалыстың ең танымал түрі – гаджеттер мен бүкіләлемдік ғаламтор, өнер, соның ішінде кескіндемелер. Бірақ соған қарамастан, шығармашылық және талантты адамдар ең әдемі іс-шаралардың біріне, тастарға сурет салуға екінші өмір берді, – деп түсіндірді тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Арман Джусупов.

– Әр адам өз өмірінің белгілі бір сәтінде өнердің қандай да бір түрімен айналысуға тырысқысы келеді. Бұл шығармашылық үлкен қаржылық шығындарды және сурет салу техникасын игерудің ерекше шеберлігін қажет етпейді. Мен жасөспірім кезімнен сурет салумен айналысамын, өз жұмысым бар. Мекеме психологтары түрлі өмірлік жағдайларға байланысты жасырын психологиялық проблемаларға назар аударғаны және осындай көзқарас білдіргені үшін үлкен рақмет. Сотталғандармен жұмыс істеу оңай емес, бірақ олар мұны істей алады, – деп түсіндірді сотталған Кешкебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру