Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында болған ерекше кездесу

Павлодарда ҚАЖ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталған азамат өзінің Дора есімді төртаяқты досымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме қызметкерлеріне сотталған адамның жұбайы ерекше өтінішпен жүгінді. Ол №46 қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатқан жолдасына итін көрсетуді сұраған. Бұрын-соңды болмаған мұндай өтінішке таңғалған колония қызметкерлері сотталған азаматқа төбетін көруге мүмкіндік берді.

– Бізге мұндай өтініш алғаш рет түсіп тұр. Әрине, әскери бөлімнің басшылығының рұқсатымен өтінішті орындай алдық. Сотталған адам денсаулыққа зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Біз мұндай кездесу тұтқынға жақсы әсер етеді деп шештік. Сондықтан жазасын өтеп жатқан азамат пен төбетке қысқа мерзімді кездесу ұйымдастырдық, – дейді мекеме бастығының орынбасары Марат Ғалиев.

Өтініш білдірушінің айтуынша, Дора есімді ит олармен бір жылға жуық уақыттан бері бірге екен.

– Біз оны алған кезде ол кішкентай күшік еді. Дора иесін өте қатты жақсы көреді. Ол бас бостандығынан айыру орындарына түскен сәттен бастап, сыбдыр дауыс шыққан сайын есікке қарай тұра ұмтылады. Сергейді күтеді. Оларға кездесуге мүмкіндік берген қызметкерлерге көп рақмет, – деді әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру