Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үй жануарларын серуендету ережелерін сақтамаған тұрғындар анықталды

Павлодарда үй жануарларын серуендету ережелерін сақтамаған тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полициясына Назарбаев көшесінде орналасқан дүкеннің жанында алабай тұқымды ит қараусыз және тұмылдырықсыз жүретіні туралы қоңырау түсті. Сатып алушылар шығуға қорқады, өйткені ит барлық өтіп бара жатқан адамдарға үреді. Учаскелік полиция қызметкері иттің иесін анықтады.

Осындай кезекті шақыру Алматы көшесіндегі үйлердің тұрғынынан келіп түсті.

- Үйдің жанында иттер адамдарға қарай шабады, немерем мектептен қайтқанда иттен қорқып кіреберіске кіре алмаған. Бала қатты қорқып кетті, – деп түсіндірді зейнеткер.

Полиция иттердің иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізді, онда жануарларды серуендету ережелері түсіндірілді.

Өткен жылы өңірдің 300-ден астам тұрғыны үй жануарларын серуендету ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн.

Үй жануарларының иелері мен жауапты тұлғалары адамдардың денсаулығына, жануарларға және айналасындағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру