Павлодарда үй жануарларын серуендету ережесін бұзған тұрғынға айыппұл салынды
Павлодарда үй жануарларын серуендету ережесін бұзған тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері күнделікті жұмысында үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бекітілген учаскелерді аралау кезінде полиция қызметінің инспекторлары азаматтарға осы ережені түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
– Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін иесі әкімшілік кодекстің 407-бабына сәйкес жауапты болады. Мәселен Павлодар қаласының полициясына «дүкеннің жанында ит қыдырып жүр» деп хабарлаған ер адам қоңырау шалды, – дейді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Қоңырау шалған адам иттерге қарсы емес екенін айтты, жануарларды жақсы көреді және оларға қатыгездікпен қарамайды. Бірақ, ит әрқашан иесінің жанында болуы керек деп есептейді.
– Мен жаман оқиға болғанын қаламаймын. Кез-келген уақытта менің өміріме немесе балалар мен ересектерге қауіп төндіруі мүмкін, – деді ер адам.
Учаскелік полиция инспекторы ит иесін анықтады. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, иттерді серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын табылды. Ақпараттық жұмыс жүргізу, балалармен және ата-аналармен әңгімелесу, балаларға қаңғыбас иттерге тап болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіру өте маңызды.
– Ең алдымен, жануарды арандатпау маңызды. Итті көргенде жүгіріп кетпей, тоқтап, қолды түсіру керек: мысалы иттер біздің эмоцияларымызды ерекше сезінеді. Егер үй жануарларының иелері ұстау мен серуендеудің қолданыстағы ережелерін бұзса, мүмкін болса, бұзушылықты тіркеп, тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына хабарлау керек. Бұзғаны үшін иесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады – деп атап өтті құқық қорғау қызметкері.