Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция бопсалау фактілерінің алдын алды

БҚО-да полиция бопсалау фактілерінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлініс қызметкерлері күш қолдану арқылы ақша бопсалаумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Мәселен Орал қаласында полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданының екі тұрғынын ұстады, олар қаладағы автосалондарының бірінің менеджерінен ақша бопсалаған. Жалпы шығын 166 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ ақшалай қаражатты бопсалады деген күдікпен колледж студентінен тұрақты түрде ақша бопсалаған екі студент ұсталды. Шығын 149 мың теңгені құрады.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру