Павлодарда ұсақ бұзақылық жасаған 64 тұрғын жауапқа тартылды
Павлодарда жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 64 тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсақ бұзақылық – бұл азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі – балағат сөздер, адамдарды қорлау, қоғамдық орындардың ластануы: бұл темекі тұқылынан, тұрмыстық қоқыстардан және тағы басқа құқық бұзушылықтар.
– Мысалы, Павлодар паблигінде tipavlo.dar қоғамындық әлеуметтік желілердің мониторингі барысында құқық бұзушылық туралы бейнежазба жарияланған. Ер адам көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында дәрет сындырып, сол арқылы жалпы аумақты ластады. Ер адамның жеке басы анықталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 64 тұрғын жауапқа тартылды.