Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жалған нөмірмен жүрген жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Павлодарда жалған нөмірмен жүрген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар көшелерінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мониторингі кезінде ЖБО бейнебақылау инспекторы қала бойынша жалған нөмірмен жүрген, бірақ тіркеу есебінде жок Infiniti автокөлігін анықтады.

– Көлік туралы барлық ақпаратты дереу инспектор жақын маңдағы полиция патруліне берді, олар осы жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлерден оның көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген 36 жастағы павлодарлық таң қалды. Кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды, бірақ қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасу үстінде және күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған.

Алайда соған қарамастан, бұл жүргізушіні жауапкершіліктен босай алмайды. Сондықтан ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлімі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру