Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам КамАЗ жүк көлігінің салонынан құлап, қаза тапты

Ақмола облысында ер адам КамАЗ жүк көлігінің салонынан қозғалыс кезінде құлап, қаза тапты. Полицейлер тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамырда кешкі сағат 23:00-ден кейін Сандықтау АПБ полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғынның қаза болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы 48 жастағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері Мәдениет ауылынан екі шақырым қашықтықта жүріп келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің жолаушылар орындығында белгісіз жағдайда салоннан құлап, көліктің артқы дөңгелегінің астына түскенін анықтады.

Алған жарақаттардан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігінің рөлінде 25 жастағы жергілікті тұрғын отырған.

Қазіргі уақытта Сандықтау АПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру