Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер мен ІІО ардагерлері Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты

Ақмолалық полицейлер мен ІІО ардагерлері Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19-21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған “30 жыл құқық тәртібінде” республикалық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауға барлық өңірлердің полиция ведомстволарының 55 шығармашылық ұжымы қатысты.

Іс-шарада “30 лет на страже порядка” авторлық әнімен лайықты өнер көрсеткен Ақмола облысы Полиция департаментінің вокалдық тобы екінші орынға ие болды. Полиция департаментінің бастығы Думан Таев шығармашылық ұжымды құттықтап, көркемдік жетекшісі Жанат Жанаділовке грамота мен мүсіншені табыс етіп, бақыт және амандық тіледі.

21 мамырда Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Сандықтау ауданының Балкашино ауылында ішкі істер органдарының ардагерлері арасында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Сандықтау АПБ қызметкерлерін еске алуға арналған волейболдан турнир өткізілді. Жарыста жеңіске жеткен ПД командасын Полиция департаментінің бастығы құттықтап, ІІО ардагерлер кеңесі және Ұлттық ұлан төрағасы отставкадағы полиция полковнигі  Дәуітбек Нұрғалиевке грамота мен кубок табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру