Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаппай төбелеске қызғаныш себеп болды

Павлодарда жаппай төбелеске қызғаныш себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 мамыр күні сағат 04:00-де Павлодар қаласында Торайғыров көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес болды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылуын байқаған.

– Көрсетілген мекенжайға дереу автопатрульдер жіберілді. Видеода жастардың төбелесіп жатқаны анық байқалады. Ол жерге келіп, жігіттерді айырып, полиция істің барлық мән-жайын тергеу барысында жанжалдың қызғаныштан туындағаны анықталды. Қыздардың бірі клубқа жігітпен келген, бірақ ол бұрынғы жігітінің де осында жүргенін білмеген. Жастар төбелес шығарып, ол төбелеске қарсыластардың достары да әрқайсысы өз досын қолдау үшін қосылып кеткен. Абырой болғанда, жаппай төбелесте ешкім зардап шеккен жоқ, – деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Сондай-ақ, полиция қақтығыстың барлық қатысушыларын анықтап, полиция бөліміне жеткізгенін түсіндірді. Төбелестің әрбір қатысушысы ұсақ бұзақылық жасап, тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция атап өткендей, мұндай оқиғаның көпшілігі дәл түнде болады, оның себебі – адамдардың алкогольді көп ішуі. Сондықтан құқық бұзушылықтар мен түрлі жанжалдарды болдырмау үшін азаматтар жауапкершілікті сезініп, басқа адамдарды құрметтеп, ең бастысы – өзінің де, айналасындағылардың да денсаулығы мен өмірін сақтауды ұмытпауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру